«Республика мақтанышы» республикалық байқауына қатысыңыз!

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдық мерейтойына орай «Даму» халықаралық инновациялық орталығы мен «Bilim-orkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығының ұйымдастыруымен «РЕСПУБЛИКА МАҚТАНЫШЫ» атты республикалық патриоттық байқау өтеді.
Байқау – білімде, ғылымда, мәдениетте, спортта, кәсіпкерлікте және қоғамдық қызметте белсенділік танытып, жетістіктерімен ерекшеленіп жүрген жастарды анықтап, қолдауға бағытталған.

Қатысушылар:
16–35 жас аралығындағы:
• ЖОО және колледж студенттері;
• магистранттар мен докторанттар;
• жас мамандар;
• кәсіпкерлер;
• жастар ұйымдарының мүшелері;
• еріктілер;
• қоғамдық бірлестіктердің белсенділері және басқа да салада жетістікке жеткен жастар.

Байқау жеңімпаздарына:
«РЕСПУБЛИКА МАҚТАНЫШЫ» арнайы төсбелгісі;
«РЕСПУБЛИКА МАҚТАНЫШЫ» статуэткасы;
төсбелгі куәлігі;
 І, ІІ, ІІІ дәрежелі республикалық диплом;
қатысушыға қолдау көрсеткен мекеме басшысының атына Алғыс хат табысталады.

Қатысу үшін:
Өзіңіз туралы 2 беттен аспайтын өмірбаянды, өтініш кестесін және жетістіктеріңізді растайтын құжаттардың көшірмелерін жіберу қажет.

Құжаттарды қабылдау мерзімі:
2026 жылғы 25 қыркүйекке дейін.

E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
WhatsApp: +7 747 109 79 51

Байқаудың қорытынды марапаттау рәсімі Астана қаласында конференция форматында өтеді. Іріктеуден өткен қатысушыларға қорытынды конференция бағдарламасы қосымша жіберіледі.


Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru


Please publish modules in offcanvas position.