Жаңалықтар
Әуезов университетінде Жаңа Конституцияға арналған дөңгелек үстел өтті
- Қаралды: 15
1 шілдеден бастап күшіне енген Жаңа Конституцияны халық арасында кеңінен насихаттау және оның негізгі өзгерістерін түсіндіру бағытындағы жұмыстар қарқынды жүргізілуде.
Осыған орай М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде профессор-оқытушылар құрамы, студенттер мен магистранттардың қатысуымен дөңгелек үстел өтті.
Қатысушылар Ата заңның жаңартылған редакциясы мемлекет пен қоғамның жаңа даму кезеңіне негіз болатын маңызды құжат екенін атап өтті.
Дөңгелек үстелде заң ғылымдарының докторы, профессор Айсана Сманқызы Жаңа Конституцияның елдің жаңа даму кезеңіндегі рөліне тоқталып, Конституциялық соттың өкілеттіктері мен құқықтық мемлекет қалыптастырудағы маңызы, сондай-ақ Халық кеңесінің қызметі туралы кеңінен баяндады.
Ал PhD, доцент Ардақ Монтаев ұлттық код пен ұлттық құндылықтарды сақтаудың маңыздылығына назар аударып, Ұлттық құрылтайдың қоғамдағы орны мен ел бірлігін нығайтудағы рөлі жөнінде жан-жақты түсіндірме берді.
Кездесу барысында қатысушылар өзара пікір алмасып, Конституцияда көзделген жаңашылдықтардың елдің тұрақты дамуына, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға және әділетті қоғам қалыптастыруға қосатын үлесін талқылады. Мұндай тағылымды кездесулер жастардың құқықтық сауаттылығын арттырып, олардың азаматтық жауапкершілігін қалыптастыруға ықпал етеді.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз