Жаңалықтар
Әуезов университетінде Мемлекеттік рәміздер күніне арналған дөңгелек үстел өтті
- Қаралды: 38
ҚР Мемлекеттік рәміздер күніне орай М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде «Мемлекеттік рәміздер – елдіктің белгісі» атты дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараның мақсаты – жастардың бойында патриоттық құндылықтарды қалыптастыру, Мемлекеттік рәміздерге деген құрметті арттыру және Тәуелсіз Қазақстанның басты нышандарының тарихи әрі рухани маңызын кеңінен насихаттау.
Дөңгелек үстелді университеттің әлеуметтік және тәрбие жұмысы жөніндегі проректоры Ғани Бесбаев ашып, Мемлекеттік рәміздерді қастерлеу әрбір азаматтың қасиетті борышы екенін атап өтті. Сондай-ақ ол жастарды ел рәміздерін құрметтеуге, Отанын сүйетін нағыз патриот болуға шақырды.
Жиын барысында заң, саясаттану, философия және тарих саласының ғалымдары Мемлекеттік рәміздердің құқықтық, саяси, тарихи және рухани маңызы туралы мазмұнды баяндамалар жасап, студенттермен пікір алмасты.
Атап айтқанда, «Қылмыстық құқық және қылмыстық процесс» кафедрасының меңгерушісі, заң ғылымдарының докторы, профессор А. Сман, «Саясаттану» кафедрасының меңгерушісі, PhD доктор, доцент А. Монтаев, «Азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу» кафедрасының доценті, заң ғылымдарының кандидаты А. Есеналиев, «Философия» кафедрасының меңгерушісі, PhD доктор, доцент Т. Тұмашбай және «Тұлға дамыту және ҚХА» орталығының басшысы, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Г. Жанысбаева өз баяндамаларында Мемлекеттік рәміздердің қоғамдағы орны мен маңызына кеңінен тоқталды.
Іс-шара жастардың патриоттық сезімін күшейтіп, Мемлекеттік рәміздерге деген құрметін арттыруға ықпал еткені анық.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз