Жаңалықтар
Әуезов университетінде француз тілін оқыту бойынша халықаралық жазғы мектеп өз жұмысын қорытындылады
- Қаралды: 23
М. Әуезов атындағы ОҚУ-да француз тілін шет тілі ретінде оқыту әдістемесіне арналған Орталық Азия университеттерінің халықаралық жазғы мектебі өз жұмысын қорытындылап, жабылу салтанаты өтті.
Салтанатты жиында университеттің Академиялық мәселелер жөніндегі проректоры Ернар Иманғалиев ректордың құттықтау сөзін жеткізді. Ол жазғы мектептің жоғары академиялық деңгейде ұйымдастырылуына және оның мазмұнды бағдарламасының сәтті жүзеге асуына қолдау көрсеткен Қазақстан Республикасындағы Франция Елшілігіне, стратегиялық серіктес – Пуатье университетіне, сондай-ақ Сорбонна-Қазақстан институты мен Шымкент қаласындағы Француз Альянсына ерекше ризашылығын білдірді. Проректор осындай ауқымды бастамалар отандық жоғары білім беру жүйесінің интернационалдануына және академиялық қауымдастықтың жаһандық деңгейде ықпалдасуына зор серпін беретінін атап өтіп, бұл мектептің жұмысын дәстүрлі түрде жыл сайын ұйымдастыруды ұсынды.
Қазақстан Республикасындағы Франция Елшілігінің мәдениет жөніндегі кеңесшісі Себастьян де Куртуа мен Пуатье университетінің өкілі Личия Багини жазғы мектептің жұмысына зор бағаларын берді. Олар дәрістер мен практикалық сабақтардың сапалы өтуіне барлық жағдай жасаған университет басшылығына шынайы алғыстарын жеткізді.
Жазғы мектепке қатысқан оқытушылар да өз кезегінде алған тәжірибелері мен мазмұнды кездесулерге жоғары бағасын беріп, осындай игі бастаманың алдағы жылдары да жалғасатынына сенім танытты.
Еске сала кетейік, халықаралық жазғы мектеп 25 мамыр мен 2 маусым аралығында өтті. Бағдарламаға Өзбекстан, Қырғызстан және Қазақстаннан 35 француз тілі пәнінің оқытушысы қатысты. Францияның Пуатье университетінен арнайы шақырылған 4 оқытушы дәріс оқып, тәжірибелік сабақтар жүргізді.
Жабылу салтанатында жазғы мектепке қатысқан барлық тыңдаушыларға арнайы сертификаттар табысталды. Іс-шара соңында олар естелік фотосуретке түсіп, , жылы әсермен тарқасты.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз