«Жас маман – 2026»: Әуезов университетінде бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті

Әуезов университетінде дәстүрлі «Жас маман – 2026» бос жұмыс орындары жәрмеңкесі жоғары деңгейде өтті. Ауқымды іс-шараға 150-ден астам мекеме қатысып, жас түлектерге түрлі бағыттағы бос жұмыс орындарын ұсынды. Олардың қатарында мемлекеттік мекемелер, өндіріс орындары, кәсіпорындар, білім беру ұйымдары мен түрлі сала өкілдері болды.
Жәрмеңке барысында университеттің 4 және 5 курс бітіруші студенттері жұмыс берушілермен тікелей кездесіп, өздерін қызықтырған сауалдарға жауап алды. Сонымен қатар, түлектер түйіндемелерін тапсырып, болашақ мансаптарына алғашқы қадам жасау мүмкіндігіне ие болды.
Биыл университетті 4920 түлек тәмамдайды. Бұл — еліміздің еңбек нарығына қосылатын үлкен күш әрі білікті жас мамандар легі. Осыған орай, әрбір түлектің өз мамандығы бойынша жұмысқа орналасуына қолайлы жағдай жасау — университеттің басты міндеттерінің бірі. Сондықтан жұмыс берушілермен тығыз байланыс орнату маңызды бағыт ретінде қарастырылуда.
Жұмысқа орналастыру және құзыреттілік орталығының ұйымдастыруымен өткен жәрмеңке ерекше форматта қорытындыланды. Іс-шара соңында қатысушылар арасында ұтыс ойыны өткізіліп, белсенді түлектер бағалы сыйлықтарға ие болды. Сондай-ақ «Виньетка-79» жобасына қолдау көрсеткен кафедра меңгерушілері «Алғыс» хатпен марапатталды.
Мұндай маңызды кездесулер университет пен жұмыс берушілер арасындағы ынтымақтастықты нығайтып қана қоймай, жас мамандардың кәсіби бағдарын айқындауға, тәжірибе жинақтауына және нәтижелі жұмысқа орналасуына зор ықпал етеді.
Жәрмеңкеге жалпы саны 1000-ға жуық бітіруші түлек қатысты. Ал жұмысқа орналасқан түлектердің нақты саны алдағы уақытта жүргізілетін аналитикалық талдау нәтижесінде анықталатын болады.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru


Please publish modules in offcanvas position.

AI Icon AI Ассистент — Задайте вопрос