Жаңалықтар
Еркін ой мен нағыз мотивация: «Bir Tolqynda» жобасы Шымкентте!
- Қаралды: 23
500-ге жуық жас, белсенді саясаткерлер, танымал блогерлер мен медиа тұлғалар бір алаңда, бір толқында бас қосты! М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінде жас буынның сарқылмас энергиясын, еркін ойы мен жаңа көзқарасын тоғыстырған ерекше форматтағы «Bir Tolqynda» диалог алаңы өтті.
«AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар Рухы» Жастар қанатының ұйымдастыруымен өткен кездесуде шынайы пікір алмасу мен жастарға тән ерекше вайб сезілді.
Іс-шараға арнайы спикер ретінде Шымкент қаласы мәслихатының депутаты, №1 клиникалық аурухананың бас дәрігері Бақытжан Позилов, «AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар Рухы» Жастар қанатының төрағасы Ақерке Искандерова, жайдарманшы, актер Ерболат Заркумов және өзге де блогерлер, медиа тұлғалар мен танымал спортшылар қатысты. Спикерлер жастарға кәсіби даму жолындағы ізденіс пен еңбекқорлық туралы сөз қозғап, құнды кеңестер берді және нағыз шабыт сыйлайтын мотивациялық ойларымен бөлісті.
Бірі шабыт алып, бірі жаңа орта тапқан бұл кеш жастардың бір толқында екенін тағы бір дәлелдеді.
Айта кетейік, «Bir Tolqynda» республикалық жобасы еліміздің барлық өңірлерінде жалғасып, жастармен ашық диалог орнатуды мақсат етеді.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз