Жаңалықтар
«Аналар жүрегінің нұры»: Анаға құрмет көрсетілген күн
- Қаралды: 15
Ананы құрметтеу – әр адамның парызы. Өйткені ана – тіршіліктің бастауы, мейірім мен махаббаттың мәңгілік шамшырағы. Осы құндылықтарды дәріптеу мақсатында Әуезов университетінде Қазақстанның Аналар күніне арналған «Аналар жүрегінің нұры» атты ерекше мерекелік іс-шара өтті.
Кеш шымылдығын «Қаракөз» ансамблі ашып, «Қыз ғұмыры» биі арқылы ананың нәзіктігі мен даналығын, қыз баланың өмір жолын әсем қимылмен бейнеледі.
Мерекелік кештің сәнін келтірген «Раздолье» ансамблінің әсем әндері мен Strong Dance Kids би тобының жарқын билері көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Ана туралы тебіреніске толы әндер шырқалып, көрермендер ерекше әсерге бөленді.
Іс-шараның ең әсерлі сәттерінің бірі – «Мәдени және әлеуметтік жұмыс» кафедрасының аға оқытушысы Татьяна Тарасенконың өмірден озған анасына арнап жазған «Свет материнской души» кітабының тұсаукесері болды. Бұл еңбек – тек автордың анасына деген сағынышы ғана емес, барша аналарға тағзым, аналық мейірімге қойылған рухани ескерткіш іспетті. Кітаптың лентасын Президенттік «Шапағат» медалінің иегері және Қазақстан халқы Ассамблеясының құрмет белгісінің иегері Наталья Шевченко қиып, ізгі тілегін білдірді. Бұл сәт кештің маңызын арттырып, ананың қадір-қасиетін ұлықтаған ерекше рухани көрініске айналды.
Кеш соңы әсерлі концерттік бағдарламаға ұласып, көрермендерге ұмытылмас сезім сыйлады. Жиналған қауым аналарға деген шексіз құрмет пен ыстық ықыласты тағы бір мәрте сезінді. Шынында да, анаға қанша алғыс айтсақ та артық емес. Себебі ана жүрегінің жылуы – өмірдің мәңгі сөнбес шуағы.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз