Жаңалықтар
М.Әуезов атындағы ОҚУ-да XVIII республикалық биология олимпиадасы басталды
- Қаралды: 12
М.Әуезов атындағы ОҚУ-да Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының студенттері арасында «В051- «Биология» жаратылыстану ғылымдарының бакалаврын даярлау» бағыты бойынша XVIII республикалық пәндік олимпиада басталды. Еліміздің әр өңірінен жиналған дарынды студенттердің басын қосқан білім бәйгесі жас биологтардың кәсіби білімі мен ғылыми әлеуетін дамытуға бағытталған маңызды алаңға айналды.
Олимпиаданың ашылу салтанатында университеттің Әлеуметтік және тәрбие жұмысы жөніндегі проректоры Ғани Бесбаев құттықтау сөз сөйлеп, бүгінгі қоғамда биология ғылымының орны ерекше екенін атап өтті.
— Қазіргі таңда биология ғылымы адамзаттың денсаулығы, экология, биотехнология, ауыл шаруашылығы мен қоршаған ортаны қорғау салаларында аса маңызды рөл атқарады. Сондықтан бұл бағытта терең білім алып жүрген жастар – еліміздің болашағына үлес қосатын білікті мамандар. Бүгінгі олимпиада – ғылыми ойлау қабілетін шыңдайтын, тәжірибе алмасуға мүмкіндік беретін үлкен интеллектуалдық алаң. Сіздердің ізденістеріңіз бен талпыныстарыңыз ғылымның дамуына серпін береді деп сенемін. Барша қатысушыларға сәттілік, жоғары нәтиже тілеймін, — деді өз сөзінде Ғани Әбзелбекұлы.
Сонымен қатар, «Биология және география» кафедрасының меңгерушісі, PhD А.Мусабеков олимпиаданың өту тәртібімен таныстырып, комиссия мүшелерін, жетекшілер мен қатысушыларды арнайы таныстырды.
Білім сайысына Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарынан «В051 – Биология» бағыты бойынша білім алып жүрген 2–4 курс студенттері қатысуда. Жалпы саны 40-қа жуық студент екі кезең бойынша бақ сынауда. І турда қатысушылар теориялық білімдерін дәлелдесе, ІІ кезеңде практикалық тапсырмалар арқылы кәсіби дайындық деңгейін көрсетеді.
Республикалық олимпиада студенттердің ғылыми қызығушылығын арттырып, тәжірибе алмасуына, кәсіби шеберлігін жетілдіруіне мүмкіндік беретін маңызды білім алаңы ретінде ұйымдастырылуда. Олимпиада қорытындысы бойынша үздік деп танылған жеңімпаздар ертең арнайы марапатталады.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз