Әуезов университетінің Аналар кеңесі Тараздағы халықаралық форумға қатысты

Тараз қаласында Жамбыл облысы әкімдігі ақпарат және қоғамдық даму басқармасының ұйымдастыруымен республикалық Аналар кеңесінің «Саналы қоғам қалыптастырудағы ананың рөлі» атты халықаралық форумы өтті. Ауқымды іс-шараға Қазақстанның барлық өңірлерінен Аналар кеңесінің төрағалары мен белсенділері, Қырғызстан, Өзбекстан және Түркия елдерінен арнайы өкілдер қатысып, отбасы құндылықтары мен қоғамдағы ананың рөлі кеңінен талқыланды.
Форумның негізгі мақсаты – отбасы институтын нығайту, аналардың қоғамдағы рөлін арттыру, ұлттық құндылықтарға негізделген тәрбие мәселелерін ілгерілету.
Халықаралық форумға М. Әуезов атындағы ОҚУ атынан «Тұлға дамыту және ҚХА» орталығының басшысы, т.ғ.к., университеттегі Аналар кеңесінің төрайымы Гүлнар Жанысбекова, кеңес мүшелері Жұпаркүл Аульбекова, Ұлжалғас Темірова және «Тұмар» командасының жетекшісі Гулназ Парменкулова қатысып, белсенділік танытты.
Форумның ашылуында ҚР Президенті жанындағы Отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мүшесі, Республикалық Аналар кеңесінің төрағасы Назипа Шанаи сөз сөйлеп, саналы ұрпақ тәрбиелеудегі аналардың және Аналар кеңесінің қоғамдағы маңызын атап өтті.
Форумның пленарлық отырысында Түркия Республикасы Мугла Сыткы Кочман университетінің профессоры Еке Учан Нагехан отбасы құндылықтары туралы баяндама жасаса, Қырғыз Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының оқытушысы Юлия Денисенко қоғамдағы өзекті мәселелер жөнінде ой қозғады. Сонымен қатар, еліміздің әр өңірінен келген Аналар кеңесінің төрайымдары тәжірибелерімен бөлісті.
Тағылымы мол жиын университет өкілдері үшін тәжірибе алмасып, халықаралық деңгейдегі маңызды бастамаларға үн қосуға мүмкіндік берді.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru


Please publish modules in offcanvas position.

AI Icon AI Ассистент — Задайте вопрос