Жаңалықтар
Әуезов университеті халықаралық ынтымақтастықты нығайтуда: Қытайлық студенттер академиялық ұтқырлық аясында оқуға келді
- Қаралды: 13
Академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті Қытай Халық Республикасының Yili Normal University жоғары оқу орнынан келген студенттерді қабылдады. Шетелдік білім алушылар мен профессор-оқытушылар құрамын университет ұжымы салтанатты түрде қарсы алды.
Бағдарлама аясында 22 студент университеттің «Филология» факультетінде білім алады.
Халықаралық ынтымақтастықты дамыту – Әуезов университетінің интернационалдандыру саясатының негізгі басым бағыттарының бірі. Бүгінде университет шетелдік жоғары оқу орындарымен серіктестік байланыстарын жүйелі түрде кеңейтіп, академиялық ұтқырлық бағдарламаларын, бірлескен білім беру жобаларын және ғылыми-зерттеу бастамаларын табысты жүзеге асырып келеді.
Қытайлық студенттердің келуі – Қазақстан мен Қытай арасындағы білім және ғылым саласындағы ынтымақтастықтың нығаюына ықпал ететін маңызды қадамдардың бірі. Мұндай халықаралық бағдарламалар студенттердің кәсіби және мәдени тәжірибе алмасуына, жаһандық білім беру кеңістігіне бейімделуіне мүмкіндік береді.
Шетелдік білім алушылардың сапалы білім алып, жаңа ортаға тез бейімделуі үшін университет тарапынан барлық қажетті жағдайлар жасалған.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз