Жаңалықтар
«Ел қорғаны – ерлер, Жеңіс жолы – ұрпаққа өнеге»: Әуезов университетінде қос мерекеге арналған салтанатты іс-шара өтті
- Қаралды: 43
Ерлік пен елдік ұлықталған күн! Бүгін Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мен 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күніне арналған рухы асқақ мерекелік салтанатты іс-шара өтті.
«Ел қорғаны – ерлер, Жеңіс жолы – ұрпаққа өнеге» атауымен өткен салтанатты іс-шара Мемлекеттік Тудың ортаға шығарылып, Әнұранның шырқалуымен басталды.
Мерекелік шара барысында университеттің Басқарма Төрағасы-ректоры Дархан Ахмед-Заки құттықтау сөз сөйлеп, бұл қос мерекенің халқымыз үшін тарихи әрі тағылымдық мәні зор екенін атап өтті. Ол өз сөзінде баһадүр бабалардың батырлығы мен қайсар рухы – бүгінгі ұрпаққа мәңгілік өнеге екенін айтып, университет ұжымын Отан қорғаушылар күні және Ұлы Жеңіс күнімен құттықтады.
Іс-шара барысында университеттің бірқатар қызметкерлері адал еңбегі мен кәсіби жетістіктері үшін марапат төрінен көрінді. ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің Алғыс хаттары табысталып, әскери кафедра бастығы, полковник Жақып Кенжебаев «Мінсіз қызметі үшін» медалімен марапатталды. Сонымен қатар, әскери кафедраның бірқатар қызметкерлеріне жастардың бойында отансүйгіштік рухты қалыптастыру жолындағы еңбектері үшін университет ректорының Алғыс хаттары табысталды.
Кештің концерттік бағдарламасы мерекелік рухты одан әрі күшейте түсті. Сахнадағы жігерлі билер мен патриоттық әуендер елге деген сүйіспеншілік сезімін арттырғаны анық. Университет жастары өз өнерлері арқылы бейбіт күннің бағасын ұғындырып, Жеңіс рухын жаңғыртты.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз