Жаңалықтар
Әуезов ғалымы «KIOSH 2026» – еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі халықаралық конференцияда баяндама жасады
- Қаралды: 55
2026 жылғы 28–30 сәуір аралығында Астана қаласындағы «EXPO» Халықаралық көрме орталығында «KIOSH 2026» – еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі XIV Қазақстандық халықаралық конференциясы мен көрмесі өтті. Аталған ауқымды іс-шараны «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты» ШЖҚ РМК ұйымдастырды.
Конференция бағдарламасы шеңберінде қауіпсіз еңбек тұжырымдамасын дамыту және қоғамдағы қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру, еңбекті қорғау мен өнеркәсіптік қауіпсіздік салаларын цифрландыру үрдістері, кадрлық әлеуетті арттыру, тәуекелдерді бағалау мен бақылау тетіктері секілді өзекті мәселелер кеңінен талқыланды. Іс-шара сала мамандары, халықаралық сарапшылар мен ғылыми қауымдастық өкілдері үшін тәжірибе алмасу және тиімді шешімдер ұсыну алаңына айналды.
Өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету және ғылыми-тәжірибелік тәжірибені кеңінен тарату мақсатында аталған конференцияға спикер ретінде «Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» кафедрасының меңгерушісі, техника ғылымдарының кандидаты, профессор Раматуллаева Лаззат Имамадиновна қатысты. Конференция жұмысы барысында спикер «Еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік: заманауи үрдістер мен білім беру рөлі» тақырыбында мазмұнды баяндама жасап, өзекті мәселелер бойынша ғылыми негізделген тұжырымдар мен ұсыныстарын ұсынды.
«KIOSH 2026» конференциясы еңбекті қорғау саласындағы заманауи тәсілдер мен инновациялық шешімдерді ілгерілетуге, сондай-ақ өндірістегі қауіпсіздік деңгейін арттыруға бағытталған маңызды халықаралық алаң болып табылады.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз