Жаңалықтар
«Қазақстан – татулық пен бірліктің ордасы»: Әуезов университеті бірлік күнін атап өтті
- Қаралды: 53
1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні. Көпұлтты елдің татулығы мен сыйластығын айшықтайтын айтулы мерекені М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің ұжымы ерекше сән-салтанатпен, көтеріңкі көңіл күймен атап өтті.
«Қазақстан – татулық пен бірліктің ордасы» атты мерекелік іс-шарада оқу ордамыздың Басқарма Төрағасы-ректор Дархан Ахмед-Заки сөз сөйлеп, бірлік пен ынтымақ – елдің ең басты құндылығы, мемлекеттің берік тұғыры екенін ерекше атап өтті. Ол барша қауымға «Бірлігіміз бекем, ынтымағымыз ырысты болғай» деген жүрекжарды тілегін арнады.
Бұл күн тек мереке ғана емес, сонымен қатар еңбектің еленген, білімнің ұлықталған сәті болды. Ғылым мен білімнің биік белестерін бағындырып жүрген университеттің бірқатар ғалымдары ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Ана тілін дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен, «Ғылым үздігі» дипломымен және Құрмет грамотасымен және Алғыс хаттармен марапатталды.
Кештің шырайын ашқан мерекелік бағдарлама ән мен биге ұласып, көрермендерге ерекше көңіл күй сыйлады. Бірлік пен достықтың жарқын үлгісін көрсеткен бұл күн университет өміріндегі маңызды әрі есте қаларлық сәттердің біріне айналды.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз