Студенттеріміз «Сөз ғұмыры» республикалық студент-жастар сайысында үздік өнер көрсетті

Көрнекті жазушы, этнограф, тарихшы, фольклоршы Зейнолла Сәнік атындағы «Сөз ғұмыры» республикалық студент-жастар сайысында «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының студенттері жетістікке қол жеткізді.
2026 жылдың 24 сәуір күні Семей қаласында өткен бұл республикалық деңгейдегі байқау жас буынның тілге, әдебиетке, ұлттық мұраға деген құрметін арттыруға бағытталған маңызды рухани ісшараға айналды.
Сайысқа еліміздің әр өңірінен жиналған білімді, дарынды студенттер қатысып, өзара бақ сынасты.
Аталған сайыста кафедраның аға оқытушысы Олжас Мұсабекұлының жетекшілігімен 6В01711 – Қазақ тілі мен әдебиеті (ІР) білім беру бағдарламасының Фи-25-1к тобының студенті Нұрбол Сайынов үздік өнер көрсетіп, жүлделі ІІІ орынды иеленді.
Сонымен қатар, 6В02310 – Филология білім беру бағдарламасы бойынша Фи-22-5к2 тобының 4 курс студенті Аселя Амангелдиева ынталандыру сыйлығымен марапатталды. Ал осы топтың студенті Диана Нұржанова мен Фи-23-5к тобының студенті Ұлан Смағұл сайыста белсенділік танытып, арнайы алғыс хаттарға ие болды.
Тағылымы терең бұл сайыс үш кезеңнен тұрды, яғни «Зейнолла Сәнік тағылымы» атты мүшәйра, көркемсөз оқу байқауы, эссе байқауы.
Белсенді де дарынды студенттерімізді жеңісімен құттықтаймыз!

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru


Please publish modules in offcanvas position.

AI Icon AI Ассистент — Задайте вопрос