XVІІІ Республикалық студенттік пәндік олимпиадаға шақырамыз!

М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университеті «В051 – Биология» білім беру бағыты бойынша білім алушы студенттерді 2026 жылдың 15–16 мамыр күндері Шымкент қаласында өтетін XVІІІ Республикалық студенттік пәндік олимпиадаға қатысуға шақырады.
Олимпиаданың мақсаты – дарынды студенттердің шығармашылық әлеуетін анықтау, қолдау көрсету және олардың интеллектуалдық дамуына жол ашу.
Сонымен қатар, жастардың ғылыми-зерттеу жұмыстарына қызығушылығын арттырып, заманауи ғылыми мәселелерді шешуге белсенді қатысуына мүмкіндік беру.
Республикалық олимпиаданың қатысушылары: Қазақстан Республикасы Жоғары оқу орындарының бакалавриатында оқитын жоғары курс студенттері. ЖОО командасы 3 адамнан және ғылыми жетекшіден тұруы керек.
Республикалық олимпиада бағдарламасы 2 кезеңнен тұрады:

1 кезең - теориялық тапсырмалар;

2 кезең - практикалық бағыттағы тапсырмалар (ақ халат және медициналық қолғап). Барлық кезеңдерге қойылатын талаптар ақпараттың соңындағы сілтемеде көресетілген.

Олимпиадаға қатысушыларды тіркеу үшін келесі құжаттар қажет: олимпиадаға қатысу үшін командадан өтініш (қосымша 1); жоғары оқу орнынан анықтама (сканерленген нұсқасы) командадағы барлық қатысушыға.
Республикалық олимпиадаға қатысуға ниет білдіретін қатысушы командалар құжаттарын Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.   электронды почтасына 2026 жылдың 30 сәуіріне дейін жіберуі тиіс. 2026 жылдың 30 сәуірден кеш түскен өтініштер қаралмайды.
Олимпиадаға қатысу (келу, қайту, тамақтану, тұратын орын) жіберуші тараптың есебінен қаржыландырылады. Олимпиаданың өтетін мекен-жайы:
Өткізілу орны: Шымкент қаласы, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университеті, №7 корпус, Байтұрсынов 34/4
Олимпиаданың жұмыс тілдері: қазақ және  орыс тілі.
Олимпиада жүлдесі: 1.2.3 орындар үшін Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің дипломы.




Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru


Please publish modules in offcanvas position.

AI Icon AI Ассистент — Задайте вопрос