Жаңалықтар
Жаңа Конституция: Әуезов университетінде Конституциялық сот өкілдерімен кездесу өтті
- Қаралды: 28
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде Қазақстан Республикасының Конституциясын және конституциялық заңдылық қағидаттарын кеңінен насихаттау, сондай-ақ Конституциялық Соттың қызметін таныстыру мақсатында мазмұнды әрі тағылымды кездесу өтті. Жиынға университеттің профессор-оқытушылар құрамы, студенттер, магистранттар, жас ғалымдар және заң саласының мамандары белсенді қатысты.
Іс-шара барысында университеттің әлеуметтік және тәрбие жұмысы жөніндегі проректоры Ғани Бесбаев сөз сөйлеп, Конституцияның мемлекеттің негізгі заңы, сонымен қатар қоғамның тұрақты дамуының, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының басты кепілі екенін атап өтті. Ол конституциялық құндылықтарды дәріптеу мен Конституциялық Сот қызметі туралы жан-жақты түсінік қалыптастыру бүгінгі күні аса өзекті мәселе екенін ерекше жеткізді.
Кездесу аясында Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьясы, з.ғ.д., профессор Айжан Жатқанбаева еліміздегі конституциялық реформалар мен жаңашылдықтарға тоқталып, олардың маңызы мен күтілетін нәтижелері туралы кеңінен баяндады.
Сонымен қатар, Конституциялық Сотының аналитигі, з.ғ.к., қауымдастырылған профессор Алия Бердибаева конституциялық бақылау органының қызметі, азаматтардың Конституциялық Сотқа жүгіну тетіктері мен құқықтық негіздері жөнінде мазмұнды ақпарат ұсынды.
Ашық форматта өткен іс-шара барысында қатысушылар спикерлерге өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, пікір алмасуға мүмкіндік алды. Еркін диалог алаңына айналған кездесу конституциялық құқықтық мәдениетті арттыруға және құқықтық сананы нығайтуға өз үлесін қосты.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз