Профессор Қайрат Битемировтың 60 жылдығына арналған халықаралық конференция өтті

М.Әуезов атындағы ОҚУ-де ҚР ғылым және білім беру саласында зор еңбегі бар белгілі заңгер, з.ғ.к., «Азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу» кафедрасының профессоры Битемиров Қайрат Тұрлыбайұлының 60 жылдық мерейтойына орай халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
«Қазақстан Республикасында шағын және орта бизнесті дамытуға арналған заңнамалық қамтамасыз етуді трансформациялау: ғылыми парадигма, құқық қолдану және стратегиялық векторлар» тақырыбындағы бұл жиын құқықтық ғылымның өзекті мәселелерін талқылауға арналған маңызды алаңға айналды.
Конференцияның ашылуында «Заң» факультетінің деканы, з.ғ.к., Мақсат Елікбай мерейтой иесін айтулы мерекесімен құттықтап, оның отандық заң ғылымын дамытуға қосқан елеулі үлесін ерекше атап өтті. Сондай-ақ, университет Басқарма Төрағасы – ректор Дархан Ахмед-Закидің құттықтауын жеткізді.
Ғылыми басқосуға Шымкент, Астана, Алматы, Түркістан қалаларынан келген әріптестері, заң саласының білікті мамандары мен ғалымдар қатысып, профессор Қайрат Тұрлыбайұлының кәсіби жолына қатысты естеліктерімен бөлісіп, мазмұнды баяндамалар жасады.
Заң ғылымдарының докторы, профессор, академик Есберген Оразұлы Алаухановтың С.З. Зиманов, Н.Б. Мұхитдинов және басқа да көрнекті заңгер ғалымдар туралы айтқан сөзін ерекше атап өткіміз келеді. Құттықтау сөзінде ол Қайрат Тұрлыбайұлы Битемировтің кәсібилігін, еңбекқорлығын және ғылыми көзқарасын жоғары бағалады. Сондай-ақ, Есберген Оразұлы Алауханов өзінің оқулықтарын Қайрат Тұрлыбайұлы Битемировке және заң факультетінің деканына оқытуда пайдалану үшін табыстап, университеттің барлық оқытушыларына шығармашылық жұмыстарын жалғастыруды тіледі.
Сонымен қатар, конференция жұмысына Өзбекстан, Қырғызстан және Түркия елдерінің ғалымдары онлайн форматта қосылып, шағын және орта бизнесті құқықтық реттеу, заңнаманы жетілдіру және халықаралық тәжірибе мәселелері бойынша өз ғылыми пікірлерін ортаға салды.
Аталған конференция профессор Қайрат Тұрлыбайұлының ғылыми мектебін, кәсіби еңбегін және заң ғылымына қосқан үлесін жоғары деңгейде дәріптеген тағылымды ғылыми алаң болды.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru


Please publish modules in offcanvas position.

AI Icon AI Ассистент — Задайте вопрос