Жаңалықтар
«Әуезов оқулары – 24: Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өз жұмысын бастады
- Қаралды: 30
Бүгін М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде «Әуезов оқулары – 24: Қазақстан жасанды интеллект дәуірінде: цифрлық трансформация арқылы өзекті міндеттер және оларды шешу» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өз жұмысын бастады.
Ауқымды ғылыми жиынға АҚШ, Малайзия, Өзбекстан, Ресей және басқа да елдерден келген белгілі ғалымдар мен сарапшылар және БАҚ өкілдері қатысуда. Конференцияға тақырып аясында ғылыми зерттеулердің маңызды нәтижелеріне қол жеткізген Қазақстан және шетел жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттарының профессорлары, оқытушылары мен ғалымдары да шақырылған.
Конференцияның модераторы – Химия-технологиялық ғылымдар ғылыми-зерттеу институтының директоры Жамбыл Айменов өз сөзінде халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның басты мақсаты – Қазақстанда жаңа білім базасын қалыптастыру және әлемдік ғалымдардың қатысуымен Орталық Азия өңірінде тұрақты ғылыми ынтымақтастықты дамыту екенін атап өтті. Конференция барысында бірқатар қонақтар мен халықаралық дәрежедегі ғалымдар баяндама жасап, ғылым мен цифрлық технологиялардың дамуындағы өзекті мәселелерге тоқталды. Атап айтқанда:
• Есберген Оразұлы Алауханов – заң ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының тұрақты академигі;
• Мұхит Абуталипұлы Кемелов – Шымкент қаласы цифрландыру басқармасының басшысы;
• Хилола Худайбергеновна Матниязова – биология ғылымдарының докторы, Өзбекстандағы Шыршық мемлекеттік педагогикалық университетінің профессоры;
• Нурбек Ачилов – «Innoker» ЖШС зерттеушісі, Sky Radar компаниясының Қазақстандағы өкілі.
* Гүлнар Жанысбекова - Әуезов университеті Қоғамдық сананы жаңғырту бөлімінің басшысы, т.ғ.к.
* Әзімхан Исабек - университетіміздің ресми өкілі, жас ғалым, докторант.
Аталған ғалымдар, жасанды интеллект, цифландыру, техника, тарих, филология тақырыптарында өзекті мәселелерді ортаға салды.
Атап өту керек конференцияның пленарлық мәжілісінде өзекті мәселелер негізге алынды. Ғалымдар мұнан кейін секциялық басқосуларда баяндамаларын жасайтын болады.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз