Жаңа Конституция: Жастарға құқықтық бағдар

М.Әуезов атындағы ОҚУ-да Жаңа Конституцияны насихаттау шаралары жалғасып жатыр. «Заң» факультетінің профессор-оқытушылар құрамы студенттермен кездесіп, Ата заңға енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың мазмұнына кеңінен тоқталды.
Кездесу барысында оқытушылар жаңа құжаттағы елеулі өзгеріске ұшыраған баптарды жеке-жеке тоқталып, олардың мемлекет дамуы мен қоғам өміріндегі маңызын жан-жақты талдады. «Халықаралық қатынастар және халықаралық құқық» кафедрасының доценті Ермек Бекбосынов Конституциядағы жаңашыл бастамалардың қоғам дамуына ықпалы туралы пікір білдіріп, жастардың құқықтық санасын қалыптастырудың маңыздылығына тоқталды. Оның айтуынша, Конституцияға енгізілген өзгерістер елдегі демократиялық институттарды нығайтуға, мемлекеттік басқарудың ашықтығын арттыруға және азаматтардың құқықтық қорғалу деңгейін күшейтуге бағытталған.
Профессор-оқытушылар құрамы жастарды заңды құрметтеуге, құқықтық сауаттылықты арттыруға және қоғамдық өмірге белсенді араласуға шақырды.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru


Please publish modules in offcanvas position.

AI Icon AI Ассистент — Задайте вопрос