«Заң мен тәртіп»: Студенттерге құқықтық бағыт берген кинокөрсетілім жалғасын тапты

Әуезов университетінде студент жастарға арналған тәрбиелік мәні зор «Не книжные закладки» және «Хулиганка» атты қысқаметражды фильмдердің көрсетілімі жалғасуда. Шынайы оқиғаларға негізделген бұл туындыларда синтетикалық есірткінің адам өміріне тигізер зияны, буллинг пен бұзақылықтың салдары, сондай-ақ мұндай құқықбұзушылықтар үшін қарастырылған қылмыстық жауапкершілік пен колониядағы өмірдің ауыр шындығы көркем әрі әсерлі түрде бейнеленген.
Кинокөрсетілімнен кейін ұйымдастырылған талқылауға Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы прокуратурасының өкілдері мен полиция департаментінің қызметкерлері қатысып, әр фильмнің құқықтық қырларын жан-жақты саралады. Мамандар нақты мысалдар арқылы заң талаптарын түсіндіріп, құқықбұзушылықтың салдары мен жауапкершілігі жөнінде кеңінен баяндады.
Сонымен қатар, жастарды осындай келеңсіз жағдайларға тап болған сәтте уақыт оздырмай құқық қорғау органдарына жүгінуге шақырды. Аталған бастама студенттердің құқықтық сауаттылығын арттырып, қоғамдағы өзекті мәселелерге бейжай қарамауға тәрбиелеуді көздейді.
Айта кетейік, бұл фильмдердің көрсетілімі Қазақстанның барлық өңірлерінде ұйымдастырылып жатыр.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru


Please publish modules in offcanvas position.

AI Icon AI Ассистент — Задайте вопрос