Талапкерлерге жол көрсеткен "Ашық есік күні"

Университетімізде өткен «Ашық есік күні» жоғары деңгейде ұйымдастырылып, мектеп оқушылары үшін болашақ мамандықты таңдауға үлкен мүмкіндік болды.
Іс-шара «Заң» факультеті және «Спорт және туризм» факультетінің ұйымдастыруымен өтті. Қатысушылар университеттің білім беру бағдарламаларымен танысып, өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алды.
Кездесуге «Заң» факультетінің деканы М.Елікбай, «Спорт және туризм» факультетінің деканы Ж.Тлеукеев, «Кәсіптік бағдар беру» орталығының директоры Т.Заурбеков, Әскери кафедра өкілі, запастағы полковник Б.Исламов, «Халықаралық қатынастар және халықаралық құқық» кафедрасының меңгерушісі Г.Мамашарипова, «Философия» кафедрасының меңгерушісі Т.Еркінұлы қатысып, мазмұнды ақпараттарымен бөлісті.
Студенттердің мотивациялық сөздері мен тәжірибелік ойлары да қатысушыларға ерекше әсер қалдырды. Кездесу шығармашылық бөліммен жалғасып, қонақтарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Қатысушылар университет өмірімен танысып, өз армандарына бір қадам жақындай түсті.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru


Please publish modules in offcanvas position.

AI Icon AI Ассистент — Задайте вопрос