Жаңалықтар
Бейресми білім беру жаңа дағдыларды тез меңгерудің тиімді тәсілі
- Қаралды: 10
Қазіргі таңда уақыт талабына сай, өзгермелі әлемнің қарқынына ілесу мақсатында бейресми білім алу кең таралған үрдіске айналып отыр. Бейресми білімнің негізгі мақсаты – адамның біліктілігін арттыру, қосымша жаңа білім мен заманауи технологияларды игеруіне қолайлы жағдай жасау.
Бейресми білім беру жүйесі адамның жас ерекшелігіне (жастар, ересектер, егде жастағылар және т.б.) немесе қызмет саласына қарамастан, кәсіби құзыреттілігін дамытуға әрі тұлғалық тұрғыдан жетілуіне мүмкіндік береді. Ең бастысы – оның қолжетімділігі мен икемділігінде.
Осы бағытта М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде оқу жылы барысында профессор-оқытушылар құрамына арналған «ЖОО инклюзивті білім беру және оқыту», «ЖИ және цифрлық технологиялар», «Заманауи оқыту технологиялары», «Пән мен тілді кіріктіру (CLIL) әдістемесін оқыту», «Студентке бағдарланған білім беру жағдайында профессор-оқытушы құрамының кәсіби құзыреттілігін дамыту», «Шетел тілін оқытуындағы жаңа үрдістер: цифрлық адаптивті технологиялар және жасанды интеллект» курстары ұйымдастырылды. Курстар бойынша барлығы 535 тыңдаушы оқыды.
Университеттімізде педагогикалық білімі жоқ, тиісті бейіні бойынша педагогтің кәсіптік қызметіне алғаш рет кірісетін тұлғаларға арналған Педагогтік қайта даярлау курсы бойынша биылғы оқу жылының І-жартыжылдығында 54 тыңдаушы оқулары сәтті аяқтап, сертификаттарға ие болды. ІІ-жартыжылдықта, яғни қазіргі таңда 21 адам оқып жатыр.
Зейнет жасындағы тұлғалар үшін «Салиқалы университет» жобасы аясында «Бағбан» (сәндік көгалдандыру маманы) курсы ұйымдастырылды. Курс барысында тыңдаушылар бөлмелік өсімдіктерге, жеміс және сәндік ағаштарға күтім жасау, бақшада күзгі-көктемгі жұмыстарды ұйымдастыру бойынша біліктілігін арттырады. Курстың мақсаты көгалдандыру және бақша өсіру қызметтері бойынша зейнеткерлердің тәжірибелік білімдеріні жетілдіріп, шебер бағбан болуына көмектесу. Бағбаншылық қызмет көрсету бойынша жұмыс істеп, қосымша қаржы көздерін табуына жол көрсету.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз