Студенттеріміз Президенттің Алғыс хатымен марапатталды

М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің белсенді студенттері Қазақстан Республикасы Президентінің атынан Президенттің Алғыс хатымен марапатталды. Бұл жоғары марапат Жаңа Конституция жобасы бойынша өткен республикалық референдум аясындағы ақпараттық-түсіндіру және үгіт-насихат жұмыстарына белсенді қатысып, қоғамдық жұмыстарда жауапкершілік пен азаматтық белсенділік танытқаны үшін табысталды. Президенттің Алғыс хатына ие болған студенттер қатарында:
• «Ақиқат» пікірсайыс клубының төрағасы — Шәкір Азамат
• «Жастар рухы» жастар қанаты ұйымының төрағасы — Сейдахмет Айбек
• «Сәулет, құрылыс және көлік» факультетінің 4 курс студенті — Тлеуов Арлен
• «Жастар рухы» жастар қанаты ұйымының белсендісі — Зулпухар Адина.
Алғыс хат иелерін шын жүректен құттықтай отырып, алдағы уақытта да жаңа жетістіктерге жетіп, еліміздің дамуына өз үлестерін қоса береді деп сенім білдіреміз!

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru


Please publish modules in offcanvas position.

AI Icon AI Ассистент — Задайте вопрос