Жаңалықтар
Әуезов университетінің студенті АҚШ-та жүлде алды
- Қаралды: 27
Бүгінгі күнді жақсы жаңалықпен бастаймыз!
Әуезов университеті білім, ғылым, спорт саласында жетістікке жетіп жүрген әрбір студенттерінің жетістіктерін мақтаныш етеді! Солардың бірі – «Спорт және туризм» факультетінің «СТ-24-3р» тобының студенті Максим Сказобцов халықаралық деңгейдегі жарыстарда жоғары нәтиже көрсетіп, университет абыройын асқақтатты.
Ол 2026 жылдың 2-15 наурыз аралығында Speedo Champions Series ESSZ Spring SC Senior Championship халықаралық жүзу жарысына қатысып, бірнеше жүлделі орынға ие болды. Жарыс қорытындысы бойынша:
• Эстафета 4×100 м комбинирленген жүзу – І орын
• 200 м баттерфляй – ІІ орын
• 100 м арқамен жүзу – ІІ орын
• 100 м баттерфляй – ІІ орын
• Эстафета 4×200 м еркін стиль – ІІІ орын
Сонымен қатар, 2026 жылдың 26–29 наурыз аралығында АҚШ-тың Индиана штатындағы Индианаполис қаласында өткен Central Zone East Spring Speedo Sectional жарысында да Максим Сказобцов тағы да жүлделі нәтижелерге қол жеткізді:
• 100 м баттерфляй – 53.49 сек, ІІ орын
• 50 м баттерфляй – 24.29 сек, ІІІ орын
• 200 м баттерфляй – 2:02.15, ІІІ орын
Әуезов университетінің ұжымы талантты спортшыны жарқын жеңістерімен шын жүректен құттықтап, алдағы жарыстарда да толағай табыстар тілейді!

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз