Жаңалықтар
«Digital Qazaqstan 2026»: «Auezov AI First» инновациялық платформасы таныстырылды
- Қаралды: 18
Шымкент қаласында өткен ауқымды «Digital Qazaqstan 2026» форумында Әуезов университеті өз жобаларын жоғары деңгейде көрсетті.
Шараның екінші күнінде ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің «AI-Sana: Болашақ экономикасы үшін адами капиталды қалыптастыру» тақырыбында панельдік сессиясы және жоғары оқу орындарының стартап-жобалары көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің Басқарма төрағасы-ректор Дархан Ахмед Заки бастаған университет делегациясы қатысты.
Панельдік сессияда ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Динара Щеглова сөз сөйлеп, алғаш рет өткізіліп отырған форум экономиканы цифрландыруға, жасанды интеллект технологияларын енгізуге және өңірлік дамуды жеделдетуге бағытталған маңызды ұлттық алаңға айналғаны атап өтті.
Форум аясындағы жоғары оқу орындарының стартап-жобалары көрмесінде түрлі салаларда жасанды интеллектіні қолдануға негізделген инновациялық шешімдер ұсынылды. Басты жаңалық – көрмеде Әуезов университетінің жасанды интеллект саласындағы жобаларды біріктіретін «Auezov AI First» инновациялық платформасы таныстырылды!
Сонымен қатар, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде Digital Qazaqstan 2026 аясында ұйымдастырылған «AI for Kazakhstan: Industry 5.0 Solutions» өңірлік AI-хакатонның жеңімпаздарының лайықты марапаттарын вице-министр Динара Щеглованың өзі табыстады.
Жасанды интеллект пен жаңа технологиялар — болашақтың тірегі. Ал Әуезов университеті осы көштің алдыңғы қатарында!












