Жаңалықтар
«Уикипедияға мақала орналастырудың алгоритмдері»
- Қаралды: 16
Бүгін Шымкент қаласының А.С. Пушкин атындағы әмбебап кітпаханасында ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің ұйымдастыруымен «Уикипедияға мақала орналастырудың алгоритмдері» тақырыбында семинар өтті.
Семинардың мақсаты – ақпараттық кеңістікте қазақ тілді контенттің үлесін арттыру, қазақ тілін ғылым тілі ретінде дамыту, соның ішінде Ашық онлайн энциклопедияны (Уикипедия) қазақ тіліндегі ғылыми және энциклопедиялық мақалалар, жарияланымдар, еңбектер және мәліметтермен толықтыру алгоритмдері болып табылды.
Семинарды ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетінің басқарма басшысы Рахымжанов Қайыржан Алдашұлы «Уикипедияны қазақ тіліндегі контентпен толықтыру мәселесіне» арналған баяндамамен ашса, семинардың практикалық бөлімін Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің аға оқытушысы, постдокторант Дауткулова Ақмарал Қалиярбекқызы жүргізді.
Семинарға қаламыздың барша ЖОО-дарынан оқытушылар мен ғалымдар қатысты. М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің де бір топ оқытушы-профессорлық құрамы және Академилақ ғылым департаментінің қызметкерлері де аталмыш семинарға белсенді түрде ат салысып, көптеген сұрақтарды талқылап қайтты.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз