Жаңалықтар
Жол картасы әзірленді
- Қаралды: 8
Университеттің 2025–2029 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын жүзеге асыру аясында М.Әуезов атындағы ОҚУ «Биотехнология» кафедрасы халықаралық білім беру бағдарламаларын дамыту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізуде. Осы мақсатта Ташкент қаласындағы Мирзо Улугбек атындағы Ұлттық университетімен академиялық ынтымақтастықты кеңейту жоспарлануда.
Аталған бастама шеңберінде 7М05123 – Биотехнология білім беру бағдарламасымен жаңа білім беру бағдарламасын іске қосу көзделіп отыр. Бұл бағдарлама магистранттарға екі жоғары оқу орнының білім беру ресурстарын пайдалана отырып білім алуға, халықаралық тәжірибе жинақтауға және оқу аяқталғаннан кейін екі университеттің дипломын алу мүмкіндігін береді.
Осыған байланысты 2026 жылдың 19 ақпанында университеттің декандары мен кафедра меңгерушілерінің қатысуымен арнайы жұмыс кездесуі өткізіліп, қосдиплом білім беру бағдарламасын ашу бойынша жол картасы әзірленді.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз