Кафедралар мен кітапхана байланысын нығайтқан семинар өтті

М.Әуезов атындағы ОҚУ Ақпараттық білім беру орталығы 2025–2026 оқу жылына арналған кафедра референттеріне арналған «Референт күні» атты семинар ұйымдастырды.
Іс-шараның мақсаты – білім беру бағдарламалары бойынша оқытылатын пәндерді қажетті оқу әдебиеттерімен қамтамасыз ету, жаңа пәндерге оқулықтар мен оқу құралдарына өтінім беру және оны рәсімдеу тәртібін түсіндіру, сондай-ақ электрондық басылымдар қорын тиімді пайдалану жолдарын таныстыру болды. Сонымен қатар қатысушыларға АББО ресурстарының маңыздылығы кеңінен түсіндірілді.
Семинарды АББО директоры И.К. Саурбаева ашып, оқу-әдістемелік орталығының басшысы Б.М. Хамитова баяндама жасады. Олар кафедра референттерінің оқу үдерісін сапалы әдебиеттермен қамтамасыз етудегі рөліне тоқталып, тәжірибелік ұсыныстарымен бөлісті.
Сектор меңгерушілері Г. Болетова мен Қ.Қанатбек өз бағыттары бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы мәлімет берді. Жаңа технология және электрондық ресурстар бөлімінің меңгерушісі А. Джанбулатова кітапхана сайтының (http://www.lib.ukgu.kz/) мүмкіндіктерін таныстырып, отандық және шетелдік деректер қорларынан ақпарат алу жолдарын түсіндірді.
Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің меңгерушілері А. Каунбаева мен А. Кулданбаева кітапханаға қарыз оқырмандар туралы ақпарат беріп, кітап оқудың маңыздылығына тоқталды.
Кафедра референті кітапхана мен кафедра арасындағы байланысты үйлестіруші жауапты тұлға болғандықтан, АББО мен референттер арасындағы чат үздіксіз жұмыс жасап, өзара ақпарат алмасу жүйелі түрде жүргізілуде.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.

AI Icon AI Ассистент — Задайте вопрос