Жаңалықтар
Қамқорлыққа толы кездесу
- Қаралды: 41
Ізгілік – адам жүрегінен басталып, мейірім арқылы жалғасатын асыл қасиет. Қайырымдылық – қоғамды біріктіретін ең биік құндылықтардың бірі.
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің «Техникалық мамандықтар үшін практикалық орыс тілі» кафедрасының аға оқытушысы Сугир Фарида Баймашқызы жетекшілігімен студенттер Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының "№2 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне арнайы барып, қайырымдылық шарасын өткізді.
Бұл сапар қолдау білдірген жомарт жандардың, оның ішінде Алтынбекова Гүлжан Құлжбайқызы және студенттердің
("Сәулет, құрылыс және көлік" факультеті, "Химикалық инженерия және биотехнология" ЖМ-бі және "Ақпараттық технологиялар және энергетика" ЖМ-бі) ата-аналарының,
көмегі арқылы жүзеге асты. Ізгі сапар барысында студенттер орталық тұрғындарына өз сыйлықтарын тарту етті. Сый-сияпат қатарында орамалдар, қамзолдар, жилеттер және басқа да қажетті бұйымдар болды. Әрбір сыйлық – құрмет пен жанашырлықтың белгісі ретінде ұсынылды.
Сонымен қатар, студенттер өз өнерлерін ортаға салып, ән айтып, жүрекке жылы сөздер арнады. Кездесу барысында балалардың жүздерінде қуаныш пен ризашылық сезімі байқалды. Шынайы ықылас пен көтеріңкі көңіл күй бұл күнді ерекше әрі есте қаларлық сәтке айналдырды.
Осындай игі шаралар – ұрпақтар сабақтастығын нығайтып, адамгершілік пен құрметтің жарқын үлгісін көрсетеді. Кішкентай ғана көңіл бөлудің өзі үлкен қуаныш сыйлайтыны тағы бір мәрте дәлелденді.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз