Жаңалықтар
ХАБАРЛАНДЫРУ!
- Қаралды: 32
Запастағы офицерлерді даярлау бағдарламасы бойынша іріктеу байқауына қатысуға ниет білдіруші, Қазақстан Республикасының азаматтары, күндізгі оқыту нысаны бойынша 4-жылдық бағдарламамен оқитын I-курс (2025-2026 оқу жылы) , 5-жылдық бағдарламамен оқитын II-курс (2025-2026 оқу жылы) және 4 жылдық қысқартылған оқу мерзімі көзделген бағдарламамен оқитын I-курс(2025-2026 оқу жылы), запастағы сержанттарды даярлау бағдарламасы бойынша іріктеу байқауына қатысуға ниет білдіруші, күндізгі оқыту нысаны бойынша 4-жылдық бағдарламамен оқитын I, ІІ-курс (2025-2026 оқу жылы), 5-жылдық бағдарламамен оқитын I, ІІ, ІII-курс (2025-2026 оқу жылы), 4 жылдық қысқартылған оқу мерзімі көзделген бағдарламамен оқитын I, ІІ -курс (2025-2026 оқу жылы), 3 жылдық қысқартылған оқу мерзімі көзделген бағдарламамен оқитын І-курс (2025-2026 оқу жылы) студенттерін әскери кафедраға қабылдау Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрлігінің іріктеу комиссиясымен конкурстық негізде өтетіндігін хабарлаймыз.
Құжаттар 2026 жылдың 2 ақпанынан бастап 30 қыркүйекке дейін М.Әуезов атындағы ОҚУ әскери кафедрасында
(№15 ғимарат, № 15 бөлме) қабылданады.
Конкурстық іріктеуге қатысу үшін қажетті құжаттардың тізімі:
- Өтініш.
- Жеке куәлік ( түпнұсқасы мен көшірмесі).
- Әскери қызмет туралы мәліметтің анықтамасы (egov.kz-тен алынады).
- Көлемі 3х4 сантиметр фотосурет – 4дана.
- Соттылығының болуы не болмауы туралы анықтама (www.egov.kz-тен алынады).
- Факультетті және мамандық шифрын нақты көрсете отырып, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымынан нақты оқитыны туралы анықтама (М.Әуезов атындағы ОҚУ-нің студенттерге қызмет көрсету орталығы, № 303 кабинет).
Анықтамалар және анализдер тізімі, медициналық куәландырудан өтуге жолдама 2026 жылдың 1 сәуірінен бастап М.Әуезов атындағы ОҚУ әскери кафедрасында беріледі. Медициналық куәландырудан өтудің алдында тиісті анықтамалар мен анализдер жиналуы қажет.
Әскери есепте тіркелген жері бойынша Қорғаныс істері жөніндегі Департаменттерден, Басқармалардан (бөлімдерден) медициналық куәландырудан өту қажет.
Медициналық куәландырудан өткен соң медициналық куәландыру картасына қоса анықтамалар мен анализдерді әскери кафедраға тапсыру керек.
М.Әуезов атындағы ОҚУ-нің тыңдаушылары әскери кафедраға қабылданбайды!

