Жаңалықтар
Университетте заң мен тәртіпті нығайтуға бағытталған маңызды басқосу өтті
- Қаралды: 182
М.Әуезов атындағы ОҚЗУ-да «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында студенттердің қатысуымен маңызды басқосу өтті. Шымкент қаласы Әділет департаменті және Шымкент қаласы Полиция департаментімен бірлесіп ұйымдастырған іс-шараның мақсаты – киберқылмыс, есірткіге қатысты құқықбұзушылықтар мен интернет-алаяқтық сияқты заңсыз әрекеттердің алдын алу, сондай-ақ жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру болып табылады.
Жиында университеттің әлеуметтік және тәрбие жұмысы жөніндегі проректоры Ғани Бесбаев «Заң мен тәртіп» ұғымының мән-маңызына кеңінен тоқталды. Оның айтуынша, заң мен тәртіп – кез келген қоғамның, әсіресе білім мен ғылымның дамуының басты кепілі.
– Заң – мемлекеттің тірегі болса, тәртіп – сол заңның күнделікті өмірде нақты жүзеге асуы. Университет қабырғасында заң талаптарын сақтау, ішкі тәртіп ережелеріне бағыну әрбір қызметкер мен студенттің азаматтық әрі кәсіби жауапкершілігі. Білім беру ұйымы тек білім берумен шектелмей, болашақ маманның құқықтық мәдениетін, адалдығы мен жауапкершілігін қалыптастыратын орта болуы тиіс. Сондықтан заңды құрметтеу мен тәртіпті сақтау – оқу процесінің ажырамас бөлігі, – деді проректор.
Кездесуде құқық қорғау органдары мен арнайы департамент өкілдері студенттерге құнды мәліметтер берді:
• Шымкент қаласы Әділет департаментінің бөлім басшысы Дина Ботан жастардың құқықтық мәдениетін көтеру мен заң нормаларын білудің маңыздылығын түсіндірді.
• Шымкент қаласы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі, полиция подполковнигі Бауыржан Қарбеков өз сөзінде есірткі қылмысының қоғам үшін аса қауіпті екенін атап өтті. Ол есірткі заттарын сақтау, тасымалдау, сату немесе қолданудың өзі ауыр қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін нақты мысалдар арқылы түсіндірді. Сонымен қатар, спикер жастардың есірткіге жеңіл-желпі қарамауы керектігін баса айтты. Есірткі – тек заң тұрғысынан ғана емес, денсаулыққа да орасан зор зиян келтіретін қауіпті фактор екеніне тоқталды.
• Шымкент қаласы Полиция департаменті Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі, полиция майоры Мақсат Шегірбай қазіргі таңда кеңінен таралған интернет-алаяқтықтың түрлеріне тоқталды. Ол алаяқтардың телефон қоңыраулары, жалған сайттар, әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы түрлі айла-тәсілдерді қолданатынын түсіндірді. Спикер киберқауіпсіздіктің негізгі ережелерін атап өтіп, жеке деректерді қорғаудың маңызын жеткізді. Атап айтқанда, телефонға келген SMS-кодтарды, банк қосымшаларындағы құпия мәліметтерді ешкімге бермеу, өз банк картасын бөгде адамдарға ұсынбау керектігін қатаң ескертті. Сондай-ақ күмәнді сілтемелерге өтпеу, бейтаныс адамдарға сенбеу арқылы ғана интернет-алаяқтықтың алдын алуға болатынын айтты.
• Жастар ресурстық орталығының инспекторы Меруерт Құттыбай өз сөзінде жастарды қоғамдық өмірге белсенді араласуға, пайдалы бастамалар мен еріктілік қызметтерге қатысуға шақырды. Ол жастардың бос уақытын тиімді өткізуі, өз қабілеттерін дамытуы және қоғамға пайдалы істерге үлес қосуы – теріс әрекеттерден сақтанудың ең тиімді жолы екенін атап өтті.
Кездесуде студенттер де ерекше белсенділік танытты. Олар өздерін қызықтырған сұрақтарды қойып, спикерлерден нақты әрі пайдалы жауап алды. Осылайша кездесу тек ресми рәсімдермен шектелмей, шынайы диалогқа, пікір алмасуға толы ашық форматтағы басқосуға айналды.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз