Жаңалықтар
«Көркем білім беруде жасанды интеллектің ұрпақ тәрбиесіндегі ықпалы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті
- Қаралды: 42
М. Әуезов атындағы ОҚУ-да «Көркем білім беруде жасанды интеллектің ұрпақ тәрбиесіндегі ықпалы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция басталды. Конференция университетіміздің ұлағатты ұстазы, «Мәдениет және өнер» факультетінің деканы, п.ғ.д., профессор, Қазақстан Педагогика Ғылымдары академиясының академигі, Қазақстан Дизайнерлер одағының мүшесі Тәңірбергенов Медеубек Жұматайұлының 60 жылдық мерейтойы аясында өтіп жатыр.
Алдымен «60 күнде 60 туынды» атты челлендж аясында салынған қылқалам шеберлерінің сурет көрмесі өтті. Онда Медеубек Жұматайұлының және өңірімізге танымал суретшілердің түрлі бағыттағы еңбектері қойылды.
Конференцияның ашылу салтанатында Қоғаммен байланыс және мәдениет жөніндегі проректор Садыбек Бейсенбаев университеттің Басқарма төрағасы-ректор Дархан Ахмед Закидің мерейтойлық құттықтауын жеткізіп, сый-сияпатты табыс етті. Басқосудың қонақтары белгілі бейнелеу өнері саласының майталмандары, Сібір дәстүрлі қолданбалы өнер институты (Ресей), Мемлекеттік оқу-ағарту университеті (Мәскеу), Халықаралық «Астана» университеті, Абай атындағы ҚазҰПУ, Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық университеті, Ө.Жәнібеков атындағы ОҚПУ ғалымдары және Қазақстан көркем академиясы, Қазақстан суретшілер одағы Түркістан филиалының өкілдері қатысып, өз құттықтауларын жеткізді. Сонымен қатар, жоғары білім беру және отандық ғылым саласын дамытудағы сіңірген еңбегі үшін бірнеше жоғары марапаттар табысталды. Ары қарай халықаралық конференцияға қатысушылар өзекті тақыраптарды пленарлық сессияда талқылады.
Атап өтейік, Медеубек Жұматайұлы – өнер саласының дамуына елеулі үлес қосқан ғалым. Оның 160-тан астам ғылыми еңбегі жарық көрген, соның ішінде 4 монография, 2 оқулық, 20 оқу және 15 әдістемелік құрал бар. Сондай-ақ «Бейнелеу өнері және сызу», «Дизайн», «Педагогика және психология» мамандықтары бойынша 25-тен астам магистрлік және докторлық жұмыстарға ғылыми жетекшілік жасаған.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз