«Қуантсаң, баланы қуант»

М.Әуезов атындағы ОҚУ «Ақпараттық коммуникациялық технологиялар» кафедрасының оқытушылары Шымкент қаласы Білім басқармасына қарасты «Қосалқы мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне арнайы барып, қайырымдылық іс-шарасын өткізді.
Мектеп директоры Н.Ш.Шорабек алдымен оқытушылармен жүздесіп, оқу ордасының тынысымен таныстырды. Кездесуде мектеп ұжымы дайындаған спорттық іс-шарада оқушылар өз өнерлерін көрсетті. Мектептегі оқушылардың бәрі алғыр, ақылды балалар екен. Бұл қонақтарға ерекше әсер сыйлады. Кафедра оқытушылары «Қуантсаң, баланы қуант» деген қағидатта ұстана отырып, оқушыларға арнап ақыл-ойды, зейінін, есту қабілетін дамытатын ойыншықтарды сыйлады.
Ерекше білім беруді қажет ететін балаларға арналған мамандандырылған білім ордасы балалардың әлеуметтік бейімделуіне, оңалту жұмыстарына және еңбекке баулуға бағытталған.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.

AI Icon AI Ассистент — Задайте вопрос