Жаңалықтар
"Жаңа жылдық сиқыр"
- Қаралды: 28
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің «Мәдениет және өнер» факультеті, «Мәдени-тынығу жұмысы» кафедрасының студенттері мен оқытушылары Жаңа жыл қарсаңында жүрек жылуына толы игі іс жасады. Олар Шымкент қаласындағы №6 балалар үйінде (ерекше күтімді қажет ететін балаларға арналған) «Жаңа жылдық сиқыр» атты қайырымдылық концертін ұйымдастырды.
Ізгі шара п.ғ.к. Татьяна Викторовна Тарасенко мен магистр, аға оқытушы А.Р. Алтындекованың жетекшілігімен дайындалды. Концерт барысында МӨ-23-15к2 тобының студенттері Анель Берікқызы мен Мейіржан Есенали Ақшақар мен Аяз ата бейнесінде балаларға мерекелік көңіл күй сыйлады. Бүлдіршіндермен ән айтылып, түрлі ойындар ойнатылды, ерекше сәттерге толы қойылымдар қойылды.
160 тәрбиеленушіге «Спектр» демеушісінің атынан тәтті сыйлықтар таратылып, балалардың жүзінде шаттық пен қуаныштың ізі байқалды. Бұл мереке олар үшін шынайы ғажайыпқа айналды – оларды ұмытпайтын, жүрегі мейірімге толы жандар бар екенін тағы бір мәрте сезінді.
Жаңа жылдық кештің атмосферасы жылулық пен қамқорлыққа, үміт пен шаттыққа толы болды. Бұл жоба тек мереке сыйлап қана қоймай, студенттердің бойында жауапкершілік, мейірімділік және әлеуметтік белсенділік сынды асыл қасиеттерді қалыптастыруда маңызды рөл атқарды.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз