Жаңалықтар
Тілдерді дамыту бөлімі I жартыжылдық жұмыстарын қорытындылады
- Қаралды: 33
Тілдерді дамыту бөлімі 2025–2026 оқу жылының I жартыжылдығында қазақ, орыс және ағылшын тілдері бойынша тіл курстарын жүргізіп, қорытынды емтихандарын қабылдады. Онда екі жарым ай бойы қарқынды түрде, яғни аптаның бес күнінде 1сағат 40 минуттан жүргізген сабақтары бойынша арнайы құрылған комиссия тарапынан қадағаланып алынды.
Емтихан нәтижесі бойынша тыңдаушыларға деңгейлік курстар бойынша сертификат табысталды. Жалпы тіл курстарына қамтылған ОПҚ, университет қызметкерлері, магистранттар мен докторанттар және білім алушылар контингенті – 255. Онда қазақ тілі бойынша 3 топ- 41тыңдаушы (А1-қарапайым, А2-базалық, С1-тереңдетілген деңгейлер), орыс тілі бойынша 2 топ - 23 тыңдаушы (А2- элементарный деңгейі), ағылшын тілі бойынша 12 топ - 191 тыңдаушы (Upper Intermediate, Intermediate, Pre-Intermediate, Elementary деңгейлері) қамтылды.
Қосымша тіл курстарының қорытынды жұмыстары сәтті аяқталды. Қатысушылардың тілдік дағдылары мен кәсібилігі артып, университеттегі тілдік ортаны дамытуда айтарлықтай нәтиже көрсетілді.
Бөлім алдағы уақытта да сапалы тілдік білім беруді жалғастыра береді. ІІ жартыжылдық бойынша тіл курстарына қабылдау жұмыстары алдағы жылдың 20 қаңтарынан басталады.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз