Студенттердің ең үздік туындылары "Өрнек өрмегі" көрмесінде ұсынылды

М.Әуезов атындағы ОҚУ-дың «Мәдениет және өнер» факультетінде Тәуелсіздік күніне орай ерекше рухтағы шығармашылық көрме өтті. «Бейнелеу өнері және дизайн» кафедрасының графика және сәндік-қолданбалы өнер мамандықтарының студенттері бір семестр бойы дайындаған ең үздік туындыларын көпшілік назарына ұсынды.
«Өрнек өрмегі» атты көрме — тек есептік шара емес, өнерге құштар жастардың ізденісі мен еңбегінің көрінісі. Әр туындыда – ұлттық бояу, терең мағына, шығармашылық шабыт бар.
Көрмені дайындауға жетекшілік еткен — кафедраның тәжірибелі аға оқытушылары А.Абылаев пен Г.Жолдасбекова. Жас шеберлер бағыт берген жетекшілеріне алғыс айтып, ілтипат білдірді.
Іс-шарада сөз сөйлеген факультет деканы Медеубек Тәңірбергенов студенттердің өнер жолындағы қадамдарына сәттілік тілеп, Тәуелсіздігіміздің құндылығын ұмытпай, ел игілігіне қызмет ететін шығармашыл ұрпақ болуға шақырды. Сондай-ақ, алдағы уақытта жеке авторлық көрмелерге ұмтылуға кеңес берді.
Көрмеге белсене қатысқан барлық студенттер мен жетекшілерге Алғыс хаттар табысталды.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.