«Салиқалы университет» жобасының кезекті курсы өз жұмысын бастады

М.Әуезов ОҚЗУ-де «Салиқалы университет» жобасы аясындағы кезекті «Бағбан» курсы басталды. Ашылу салтанатына университеттің әлеуметтік және тәрбие жұмысы жөніндегі проректор Ғани Бесбаев, академиялық мәселелер жөніндегі департамент басшысы Айгүл Наукенова қатысып, қатысушыларды құттықтап, аталған жоба аға буын өкілдерінің шығармашылық және кәсіби дамуына, олардың белсенді еңбек қызметіне оралуына жағдай жасауға бағытталғанын атап өтті. Және де курс жұмысына сәттілік тіледі.
Университеттің үшінші миссиясын орындау және зейнет жасындағы азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету мақсатындағы жоба аясындағы курс 8-19 желтоқсан аралығын қамтиды. «Бағбан» курсында қатысушылар бөлме өсімдіктерін, жеміс және декоративті ағаштарды күтіп-баптау, бау-бақшада күзде және көктемде жүргізілетін жұмыстарды ұйымдастыру, бау-бақша зиянкестерімен күресу әдіс-тәсілдерін үйреніп, нақты практикалық дағдыларды қалыптастыру мүмкіндігіне ие болады.
Курстың алғашқы күні лектор б.ғ.к., аға оқытушы Роза Жумабаева жеміс және сәндік ағаштарға күтім жасау, бау-бақшада күзгі-көктемгі баптау жұмыстарын ұйымдастыру бойынша өзінің өмірлік тәжірибесін ғылыми тұжырымдамалармен негіздей отырып, білім берді.
Атап өтейік, жобаның мақсаты – зейнет жасындағы азаматтардың кәсіби және белсенді ұзақ өмір сүруі үшін жағдай жасау, өмір сүру сапасын арттыру болса, міндеті – жаңа мамандықтарды игеруге мүмкіндік беру, қоғамдық өмірге белсенді араластыру. Іс-шара аясында қатысушылар университіміздің әлеуетті базасымен танысып, университет мұражайымен танысады, өзара пікір алмасып, танысады. Курсты сәтті аяқтаған әрбір тыңдаушыға арнайы үлгідегі сертификат беріледі.
Қазіргі таңда қосымша білім беру орталығы «Салиқалы университет» жобасы аясында «Цифрлық куратор», «Бала күтуші», «Гүлді бөлме өсімдіктері», «Сауықтыру билері», «Копирайтер», «Мәдени-көпшілік жұмыстарын ұйымдастырушы» (шағын топтарға арналған іс-шаралар) тақырыбындағы курстарға тыңдаушыларды шақырады.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.