Жаңалықтар
Беларусь мемлекеттік технологиялық университетіне – 95 жыл!
- Қаралды: 36
2025 жылғы 2–5 желтоқсан күндері Минск қаласында Беларусь мемлекеттік технологиялық университетінің (БМТУ) 95 жылдық мерейтойы аталып өтті. Мерейтойға М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті арнайы шақырылды. Университет атынан әлеуметтік және тәрбие жұмысы жөніндегі проректор Ғани Бесбаев қатысып, алдымен БМТУ ректоры Сергей Касперовичпен жүздесіп, ұжымның құттықтауын жеткізді.
Мерейтой аясында ұйымдастырылған «Ғылым, білім және инновациялар апталығында» Беларусь, Ресей, Қазақстан және өзге елдердің жетекші жоғары оқу орындарының ғалымдары мен өкілдері бас қосқан ғылыми конференция, форум, ашық лекциялар, дөңгелек үстелдер және инновациялық жобалар өтті. Ғани Бесбаев негізгі іс-шараларға қатысып, университетіміздің ғылыми әлеуетін таныстырды.
Бұл сапар М.Әуезов университеті мен БМТУ арасындағы стратегиялық серіктестікті нығайтып, тәжірибе алмасу мен бірлескен ғылыми-білім беру жобаларын дамытуға тың серпін берді.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз