Жаңалықтар
«Auezov University – 2025»: Халықаралық қысқы мектеп өз жұмысын бастады
- Қаралды: 55
Бүгін М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің «Басқару және бизнес» жоғары мектебі мен «Экономикалық теория» кафедрасы ұйымдастырып отырған «Auezov University – 2025» Халықаралық қысқы мектебі өз жұмысын бастады.
«Цифрлы Қазақстан: жасанды интеллект – өсудің қозғаушы күші ретінде» тақырыбындағы қысқы мектептің ашылуына университеттің қоғаммен байланыс және мәдениет жөніндегі проректоры Садыбек Бейсенбаев қатысып, жұмысына сәттілік тіледі.
Қысқы мектептің негізгі мақсаты — қатысушылардың цифрлық сауаттылығын арттыру, аналитикалық ойлау дағдыларын жетілдіру, сондай-ақ жасанды интеллект технологияларын экономиканың, мемлекеттік басқарудың, бизнестің және әлеуметтік саланың түрлі бағыттарында тиімді қолдану жолдарын зерделеу.
Қысқы мектеп 2025 жылғы 8–19 желтоқсан аралығында онлайн форматта өткізіледі. Бұл формат әлемнің түкпір-түкпірінен жетекші ғалымдар мен тәжірибелі сарапшыларды бір арнаға тоғыстырып, кәсіби тәжірибе алмасуға кең мүмкіндік береді.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз