Философия – даналықтың бастауы

 "Философиялық рухани-танымдық кеш". Бүгін Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде Философия күніне орай іс-шара ұйымдастырылды. Жиынның мақсаты – аталған ғылымның маңызын насихаттау, жастардың дүниетанымын кеңейту, рухани құндылықтарды дәріптеу және ойлау мәдениетін дамыту.
 
Іс-шара барысында саланың тарихына арналған бейнероликтер көрсетіліп, ұлы ойшылдардың өмірі мен еңбектері таныстырылды. Сонымен қатар философиялық қойылымдар, интеллектуалдық ойындар, танымдық сұрақ-жауаптар ұйымдастырылып, күй мен ән орындалды. Кеш аясында адам болмысы, дүниетанымы, қоғамның рухани дамуы және пәлсапалық тұжырымдардың адам өміріндегі орны туралы мазмұнды ой-пікірлер айтылды.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@auezov.edu.kz


Please publish modules in offcanvas position.