PhD дәрежесі сәтті қорғалды

 Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Зерттеу университеті Заң факультеті Саясаттану кафедрасының магистр, аға оқытушысы Тлеуова Назым Жолбарысовна «8D03101 – Әлеуметтану» білім беру бағдарламасы бойынша «Қазақстандағы жасөспірімдер спортының әлеуметтендіру функциялары» тақырыбындағы диссертациялық жұмысын сәтті қорғап, философия докторы (PhD) дәрежесіне ие болды!
 
Диссертациялық жұмыс Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Әлеуметтану кафедрасында қорғалды.
 
Назым Жолбарысовнаны осы айтулы ғылыми жетістігімен шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы ғылыми-зерттеу және кәсіби қызметіне толағай табыс, жаңа идеялар мен биік белестер тілейміз!
 
Ғылым жолындағы еңбегіңіз жемісті болып, жетістіктеріңіз еселене берсін!

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@auezov.edu.kz


Please publish modules in offcanvas position.