Жаңалықтар
Университетте «Адалдық сағаты» өтті
- Қаралды: 17
Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің Сәулет, құрылыс және көлік факультетінде студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыру, академиялық адалдық қағидаттарын насихаттау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру мақсатында «Адалдық сағаты» өтті.
Іс-шараны «Техникалық мамандықтар үшін практикалық орыс тілі» кафедрасының аға оқытушысы Фарида Сүгір ұйымдастырды. Кездесуді университеттің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметінің маманы Алмаз Шералыұлы ашып, студенттерге сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, заң талаптарын сақтау және комплаенс-қызметтің негізгі міндеттері туралы түсіндірді.
Сәулет, құрылыс және көлік факультеті деканының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Заурекүл Керімбекова жастарды адалдық пен әділдік қағидаттарын ұстануға шақырып, парақорлықтан аулақ болудың маңызын атап өтті. Сондай-ақ қандай да бір мәселе туындаған жағдайда студенттер факультет басшылығына немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметіне жүгіне алатынын жеткізді.
Іс-шара барысында Фарида Сүгір арнайы академиялық адалдық, азаматтық жауапкершілік және құқықтық мәдениет тақырыптарын жан-жақты ашып айтты. Студенттер сұрақтарына тұщымды жауаптар алды.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз