QUQYQ TIMES: Мұхтар Әуезов университеті – «Үздік жоғары оқу орны»!

 «Қызғалдақ» сарайында жастарға арналған, заманауи форматтағы QUQYQ TIMES мегажобасы өтті.
Қаржылық мониторинг агенттігінің Шымкент қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті ұйымдастырған және Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университеті қолдау білдірген іс-шараға құқық саласының қызметкерлері, медиа мамандары мен дін өкілдері шақыртылды.
Атап айтқанда, белгілі спикерлер – Дәурен Бөрібайұлы, Ақерке Арыс, Әйгерім Есенәлі мен Нұрлан имам жастармен еркін форматта жүздесті. Олар студенттерге алаяқтарға алданып қалмаудың жолдарын айтып, «Дропперлер кім және олардан қалай сақтану керек?» деген өзекті сұрақтарға қарапайым тілмен жауап берді.
Айта кетейік, жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруды көздеген бұл бірегей жоба Шымкентте алғаш рет өткізілді.
Іс-шараға ерекше қолдау танытып, студенттері белсенділік танытқан Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университеті «Үздік жоғары оқу орны» номинациясын жеңіп алды. Салтанатты марапат университеттің Басқарма төрағасы – ректордың міндетін уақытша атқарушы Рысгүл Орынбасарқызына арнайы табысталды.
Айтулы білім ордасы осы жобаға дейін де беделді халықаралық QS Stars рейтингінде «4 жұлдыз» (4 Stars) жоғары көрсеткішіне ие болғанын атап өткен жөн.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@auezov.edu.kz


Please publish modules in offcanvas position.