Шабытқа толы сабақ — ұстазға алғыс!

Жақында «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» кафедрасы ИП-24-6кс тобына арналған кезекті ашық сабақ білім мен тәжірибені ұштастырып, студенттерге жаңа серпін сыйлады. Қызықты ойынмен басталған ашық сабақта оқытушы әр студенттің мінезі мен дағдысын сипаттайтын астарлы сипаттамалар ұсынып, аудиторияға бұл кім екенін табу тапсырмасын берді. Бұл ойын бірден көңіл-күйді көтеріп, студенттерді бір-бірімен жақындата түсті. Әркім өзін де, өзгелерді де жаңа қырынан тани алды.
Сабақ барысында студенттер екі топқа бөлініп, қызықты викторина кезеңіне қатысты. Бұл бөлім пәндік білімді ғана емес, командалық рухты, ойлау қабілеті мен логиканы дамытты.
Сабақтың келесі кезеңі — «Кім көп термин жазады?» деп аталды. Бұл бөлімде студенттер бағдарламалық жүйелердің архитектурасы мен дизайнына байланысты мүмкіндігінше көп терминдерді жазып, олардың анықтамасын дұрыс түсіндіруге тырысты.
Сабақтың ең маңызды, практикалық бөлігі — Python тілін XAMPP серверлік ортасымен байланыстырып, нақты тапсырма орындау. Бұл арқылы студенттер сервер мен бағдарламалау тілі арасындағы өзара әрекеттесу механизмін тәжірибе жүзінде түсінді. Теорияда қарастырылған концепциялардың нақты жобаларда қалай жүзеге асатынын көру — білімнің шынайы бағасын ұғындырды. Python көмегімен серверге сұраныс жіберу, деректерді өңдеу және жауап алу сияқты әрекеттер олардың кәсіби дағдысын тереңдете түсті.
Сабақ соңында жеңімпаз топқа мақтау қағазы табысталып, барлық қатысушы студенттерге ынталандыру мақсатында шағын сыйлықтар үлестірілді.
Сабақтың осылай ерекше форматта өтуі — оқытушы Алия Отарбаеваның кәсіби шеберлігінің, шығармашылығы мен студенттерге деген ықыласының айғағы.
Біз, ИП-24-6кс тобының студенттері, Сізге алғысымызды білдіреміз! Алия апай, сабақты ұйымдастырудағы жоғары кәсіби шеберлігіңіз, шығармашыл көзқарасыңыз бен студенттерге деген ерекше ықыласыңыз үшін зор алғыс білдіреміз! Мұндай мазмұнды әрі қызықты сабақтар бізге білімді сеніммен игеруге, өз әлеуетімізді ашуға және таңдаған мамандығымызға деген ынтамызды арттыруға үлкен серпін береді. Сізге шығармашылық шабыт, кәсіби табыс және шәкірттеріңіздің биік белестерімен қуанта беруді тілейміз!

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.

AI Icon AI Ассистент — Задайте вопрос