Шымкент қаласындағы ұлдарға арналған «Білім-инновация» лицейі оқушыларының университетке танымдық сапары


Image
 1 қазан күні Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің "Тоқыма және тамақ инженериясы" жоғары мектебінде Ашық есік күніне орай Шымкент қаласы "Білім-инновациялық" лицейінің оқушыларына арналған танымдық іс-шара ұйымдастырылды
  Іс-шараның негізгі мақсаты – мектеп оқушыларына жоғары білім алу мүмкіндіктерін таныстыру, болашақ мамандықты таңдауға бағыт-бағдар беру және "Тоқыма және тамақ инженериясы" жоғары мектебінің білім беру бағыттары туралы жан-жақты ақпарат ұсыну.
  Кездесу барысында оқушыларға жоғары мектеп бойынша жүзеге асырылатын 11 білім беру бағдарламасы таныстырылды. Әр білім беру бағдарламасының мазмұны, ерекшеліктері, кәсіби бағыттары және студенттердің оқу барысында меңгеретін практикалық дағдылары туралы түсіндірме берілді.
Сонымен қатар, оқушылар білім беру бағдарламаларына сәйкес жабдықталған оқу және ғылыми-зерттеу зертханаларымен танысты. Зертханаларда жүргізілетін практикалық жұмыстардың ерекшеліктері көрсетіліп, заманауи құрал-жабдықтардың оқу үдерісіндегі маңызы түсіндірілді.
  Іс-шараның ерекше бөлігінің бірі – тамақ инженериясы бағыты бойынша тағамдарды дайындау технологиясын көрсету болды. Оқушыларға тағам өнімдерін әзірлеу кезеңдері, технологиялық үдерістер және дайын өнімді алу ерекшеліктері таныстырылып, тағамдардың дайындалу барысы тәжірибе жүзінде көрсетілді.
  Таныстыру барысында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандықтар мен білім беру бағдарламалары бойынша қажетті ақпарат алды.
  Ашық есік күні мектеп оқушыларына университеттің оқу-материалдық базасымен танысып қана қоймай, өз қызығушылықтары мен болашақ кәсіби бағыттарын анықтауға мүмкіндік берді.

Күнтізбе

Қазан 2026
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
28 29 30 1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31 1
Image
Image
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2026 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.