Жаңалықтар
«Инновациялар. Технологиялар. Шығармашылық» атты Халықаралық Фудфорум ұйымдастырылды
2025 жылдың 28-ші қараша күні М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде «Тоқыма және тамақ инженериясы» ЖМ-де «Азық-түлік өнімдерінің технологиясы және қауіпсіздігі” кафедрасының доценті, т.ғ.к Кансейтова Эльмира Тагайевна және аға оқытушы Мұхтарова Гаухар Құттыбекқызының ұйымдастыруымен «Инновациялар. Технологиялар. Шығармашылық» атты Халықаралық Фудфорум ұйымдастырылды. Ең алдымен «Азық-түлік өнімдерінің технологиясы және қауіпсіздігі”, “Тамақ инженериясы” кафедрасының докторанттары, магистранттары және студенттері көрме ұйымдастырылып, форум ары қарай тек отандық ғалымдар емес және де шет елдік ғалымдар «Ташкент мемлекеттік аграрлы университеті» «Жаратылыстану ғылымдары» кафедрасының т.ғ.к. профессор Азизов Актам және Qween’s университетінен Phd доктор Майк Харди өз ғылыми жаңалықтарымен бөлісті.


powered by social2s



