Ордабасы ауданы мектептерінің бітіруші түлектері үшін онлайн тәртібінде кәсіби бағдар беру іс - шарасы өткізілді


     2025 жыл 24 желтоқсан күні М.Әуезов атындағы ОҚУ «Кәсіптік бағдар беру орталығы» және «Тоқыма және тамақ инженериясы» жоғары мектебінің ұйымдастыруымен Ордабасы ауданы жалпы орта мектептерінің бітіруші түлектері үшін онлайн тәртібінде кәсіби бағдар беру іс - шарасы өткізілді.

    Іс-шараға қатысқан кәсіби бағдар беру орталығының басшысы Т.Заурбаев ұлттық бірыңғай тестілеуге өтінім беру, ҰБТ ұйымдастырылуы, таңдау пәндерінің комбинациялары, шектік балдар, шығармашылық емтихандарің ұйымдастыру, мемлекеттік білім беру гранттары конкурсына өтінім беру, жергілікті білім гранттарына өтінім беру, білім беру гранттары конкурсына қатысу кезіндегі жеңілдіктер жайлы бітіруші түлектерге толық ақпарат берді.

    "Тоқыма және тамақ инженериясы" жоғары мектебінің деканы С.У. Еркебаева мен кафедра меңгерушілері жоғары мектептің білім беру бағдарламалары, профессор-оқытушы құрамы, материалдық-техникалық базасы, білім беру бағдарламалары бойынша дайындалатын мамандардың жұмыс жасау салалары, қажетті құзыреттіліктер жайлы жан-жақты ақпарат беріп, бітіруші түлектерді білім беру бағдарламаларына оқуға түсуге шақырды. Іс-шара барысында бітіруші түлектер өздерін қызықтыратын сұрақтарға жан-жақты жауап алды.

Image
Image

Image
Image
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2026 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.