Жаңалықтар
Кафедралар мен кітапхана ынтымақтастығын арттыру мақсатында "Кітап шеруі" өтті
Кафедралар мен кітапхана ынтымақтастығын арттыру мақсатында кітапхана қорына түскен кітаптар мен мерзімді басылымдар бойынша "кітап шеруі" өткізілді.
М.Әуезов атындағы ОҚУ Ақпараттық білім беру орталығы 2025–2026 оқу жылына орай кафедра референттеріне арналған «Референт күні» атты семинар ұйымдастырды. Семинардың негізгі мақсаты – кафедралар мен кітапхана арасындағы өзара байланысты нығайтып, ақпараттық ресурстарды тиімді пайдалану мәселелерін талқылау болды.
Іс-шара барысында кітапхана мамандары электронды ресурстар, ғылыми дерекқорлар және кітап қорын толықтыру тәртібі жөнінде мәлімет берді. Сонымен қатар оқытушылар мен білім алушыларға ақпараттық қызмет көрсетуді жетілдіру жолдары қарастырылды. Семинарға ЖМ-тің деканы мен кафедра референттері қатысып, оқу үдерісінде кітапхана ресурстарын тиімді пайдаланудың маңыздылығын атап өтті.


powered by social2s



