Жаңалықтар
Талапкерлерге арналған «Ашық есік» күні өтті
2026 жылғы 14 сәуір күні М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Университетінде талапкерлерге арналған «Ашық есік» күні өтті.
Іс-шара Бас ғимараттың АКТ залында ұйымдастырылып, Кәсіптік бағдар беру орталығымен бірлесе отырып «Тоқыма және тамақ инженериясы» мен «Химиялық инженерия және биотехнология» жоғары мектептері өткізді.
Кездесу барысында жоғары мектеп басшылары мен мамандар мазмұнды ақпараттарымен бөлісті:
— «Тоқыма және тамақ инженериясы» жоғары мектептебінің деканы Еркебаева Сапаркуль Умиртаевна
— «Химиялық инженерия және биотехнология» жоғары мектебінің деканы міндетін атқарушы Отарбаев Нұрлыбек Шырынбекович
— Кәсіптік бағдар беру орталығының директоры Заурбеков Талғат Талапбекұлы
— әскери кафедра өкілі, запастағы майор Байгулов Бауржан Асанбекович
— «Тоқыма материалдарының технологиясы және жобалануы» кафедра меңгерушісі Махмудова Гулжамал Иманкуловна
— «Бейорганикалық және мұнайхимия өндірістерінің технологиясы» доценті, т.ғ.к Дәуренбек Назарбек Мұхаддасұлы
Сонымен қатар, студенттер де белсенді қатысып, өз тәжірибелерімен бөлісіп, талапкерлерге мамандық таңдауда бағыт-бағдар берді:
Сонымен қатар, студенттер де белсенді қатысып, өз тәжірибелерімен бөлісіп, талапкерлерге мамандық таңдауда бағыт-бағдар берді:
— «Азық-түлік өнімдерінің технологисы және қауіпсіздігі» кафедрасы ЖТ-24-9к2 тобының студенті Жумабай Ұлбөбек
— «Биотехнология» кафедрасы ХТ-23-5а тобының студенті Абдазимов Жасұлан
Іс-шара барысында жарнамалық бейне-роликтер көрсетіліп, буклеттер таратылып, білім беру бағдарламаларының ерекшеліктері мен жетістіктері туралы толық ақпарат берілді. Салтанатты іс-шара «Тоқыма және тамақ инженериясы» мен «Химиялық инженерия және биотехнология» жоғары мектептеріне қарасты зертханалық нысандарға экскурсиямен аяқталды.

Болашағыңызды бізбен бірге бастаңыз!

powered by social2s