Мектеп бітіруші түлектерге түсіндіру жұмыстары жүргізілді


         М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің 2025–2026 оқу жылына арналған кәсіби бағдар беру жұмыстарының жоспарына сәйкес, 2026 жылдың 12 наурызында Түркістан облысының мектеп бітіруші түлектерімен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

        Іс-шара «Тоқыма және тамақ инженериясы» жоғары мектебінің ұйымдастыруымен өтті. Кездесу барысында талапкерлерге университеттің білім беру бағдарламалары, материалдық-техникалық базасы, ғылыми әлеуеті және халықаралық байланыстары туралы кең көлемде ақпарат берілді.

        Сонымен қатар, түлектерге оқу үдерісінің ерекшеліктері, студенттерге жасалған жағдайлар мен болашақ мамандық таңдаудың маңыздылығы жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Университет оқытушылары талапкерлерге заманауи мамандықтардың еңбек нарығындағы сұранысы, кәсіби даму мүмкіндіктері және мансаптық өсу жолдары туралы да айтып өтті. Кездесу барысында мектеп түлектері өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандардан нақты жауаптар алды. Сондай-ақ, студенттік өмір, академиялық ұтқырлық бағдарламалары, шетелдік жоғары оқу орындарымен бірлескен білім беру мүмкіндіктері туралы мәліметтер ұсынылды.

        Іс-шараның басты мақсаты – жастарға дұрыс кәсіби бағдар беру, олардың болашақ мамандығын саналы түрде таңдауына ықпал ету және жоғары білім алуға деген қызығушылығын арттыру болды. Кездесу нәтижесінде түлектер университеттің білім беру мүмкіндіктері туралы жан-жақты ақпарат алып, өз болашақтарына сенімді қадам жасауға бағыт алды.

Image

Күнтізбе

Наурыз 2026
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
23 24 25 26 27 28 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31 1 2 3 4 5
Image
Image
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2026 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.